Қазақстанда 20 мың медицина қызметкері COVID-19 індетіне тесттен өтті. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бүгін Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселе – Президенттің тапсырмаларын орындау. Басты міндеттердің бірі – тест арқылы анықтау жұмыстарының көлемін арттыру. Осы ретте айта кетерлігі, сәуір айында анықталған індет жағдайларының 67 пайызы симптомсыз болған. Бұл алдын алу диагностикасының арқасында анықталды», - деді Дәурен Абаев «Хабар 24» арнасындағы онлайн баспасөз мәслихатында.
Министр әлемдік тәжірибе көрсеткендей медицина қызметкерлерін тест арқылы тексеріп отыру өте маңызды екенін атап өтті.
«Сол үшін елімізде 20 мыңнан аса медицина қызметкері тест арқылы тексерілді», - деді ол.