Елімізде тағы 196 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 70, Шымкент қаласында - 9, Батыс Қазақстан облысында - 22, Шығыс Қазақстан облысында - 10, Алматы облысында - 21, Жамбыл облысында - 13, Маңғыстау облысында - 5, Қарағанды облысында - 26, Қызылорда облысында - 10, Павлодар облысында - 9, Солтүстік Қазақстан облысында 1 адам дертінен айыққан.
Осылайша, Қазақстан бойынша жазылғандар саны 11158-ге жетіп отыр:
Нұр-Сұлтан қаласы – 2361 Алматы қаласы – 2177 Шымкент қаласы – 592 Ақмола облысы – 171 Ақтөбе облысы – 334 Алматы облысы – 497 Атырау облысы – 1134 Шығыс Қазақстан облысы – 165 Жамбыл облысы – 402 Батыс Қазақстан облысы – 822 Қарағанды облысы – 890 Қостанай облысы – 192 Қызылорда облысы – 499 Маңғыстау облысы – 316 Павлодар облысы – 244 Солтүстік Қазақстан облысы – 59 Түркістан облысы – 303