#
#
Cәрсенбі 12/08/2020

Қазақстанда 1,5 млн адам КВИ бойынша тесттен өтті

  • 02.07.2020
  • 0
  • 425

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алдағы уақытта Қазақстанда ПТР-тесттен өткізу жиілігі 35 мың адамға артатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елде тестілеуді қолжетімді ету үшін 20 ПТР-анализатор сатылып алынуда. Бұл зертханалардың өткізу мүмкіндігін тәулігіне 35 мың адамға дейін арттыра түседі. ПТР-тесттен өткізу үшін 8 көшпелі зертхана сатылып алынады. Бүгінге дейін 1,5 млн адам КВИ бойынша тесттен өтті. Тест эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша жүргізіледі», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге министр өз сөзінде халықты шектеу шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Оның айтуынша, дәл қазіргі уақытта бір адамның әрекеті бірнеше адамның өмірін сақтап қала алады.

Еске сала кетсек, бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралған болатын. Мемлекеттік комиссияның шешімімен 5 шілдеден бастап 14 күнге қатаң шектеу шараларын енгізетін болды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар