10 қыр, 2019 сағат 13:52

Қазақстанда 11 адамға химиялық кастрация жасалады

Қазақстанда 11 адамға химиялық кастрация жасалады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне сілтеме жасап.

«Мәжбүрлі түрде химиялық кастрация шарасы сот-психатриялық сараптама нәтижесіне қарай сот шешімімен тағайындалады. ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, мұндай жаза кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаған, жасы 18-ден асқан адамдарға қолданылады. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бері қылмыстық атқару жүйесіне соттан осы мәндегі үкім алған 11 адам түсті. Аталмыш жандардың бәрі дәрігерлік-консультативтік  комиссияның қарауынан өтті. Қазіргі таңда процедура Павлодар және Ақмола облысындағы мекемелерде екі адамға жүргізіліп жатыр. Осы жаза түрі тағайындалғандар туралы басқа  мәліметтер құпия және ҚР Конституциясының 18-бабының 1-тармағына сәйкес таратуға жатпайды» делінген комитеттің ақпаратында.