02 қыр, 2020 сағат 07:00

Қазақстанда 103 адам пневмониядан емделіп шықты

Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмониядан 103 адам емделді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Елімізде 2 қыркүйекте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға қатысты 27 жағдай және 3 өлім тіркелді. Оған қоса 103 адам емделіп шықты. 

1 тамыздан бері 25 751 адам дертке шалдығып, 295 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 5 694-ке жетті.