Қазақстанда тағы 1 105 адамнан коронавирус анықталды, олардың ПТР тесті оң шыққан. Тағы 6 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 13 адам өлімі тіркелді: 11 адам – коронавирустан, 2 адам - коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады.
Өткен тәулікте Алматыда – 341, Нұр-Сұлтанда – 195, Алматы облысында 104 науқас тіркелген. Қалған облыстар мен қалаларда анықталған науқастар жүзге жетпейді.
2020 жылдың наурызынан бері 236 200 адамның коронавирус тесті оң нәтиже берген. Басым бөлігі жазылған. Содан бері 2 952 адам қайтыс болған.
Билік коронавирус пневмониясына шалдыққандарды Covid статистикасына қоспай келеді. 2020 жылдың 1 тамызынан бері 50 152 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. Содан бері 669 адам қайтыс болған.
Былтыр жазда індет өршіп, пневмониямен елде ауруханаға түскендер мен көз жұмғандар күрт көбейген. Бірақ тамыздың басына дейін "пневмонияға" шалдыққан және көз жұмғандар ешқандай статистикаға енбей қалды. Министрлік маусым-тамыз арасында "коронавирус пневмониясына" шалдыққандарды "техникалық қиындықтарға" сілтеп, статистикаға қоспады.
АҚШ-тағы Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде 124 миллионнан аса адамнан вирус табылған. 2,7 миллионнан аса адам көз жұмса, 70 миллионнан аса адам дерттен айықты.
Аймақтар бойынша коронавирус жұқтырғандар саны:
Нұр-Сұлтан қаласы - 195,
Алматы қаласы - 341,
Шымкент қаласы - 22,
Ақмола облысы - 45,
Ақтөбе облысы - 50,
Алматы облысы - 104,
Атырау облысы - 65,
Шығыс Қазақстан облысы - 19,
Жамбыл облысы - 10,
Батыс Қазақстан облысы - 76,
Қарағанды облысы - 92,
Қостанай облысы - 40,
Қызылорда облысы - 4,
Маңғыстау облысы - 5,
Павлодар облысы - 25,
Солтүстік Қазақстан облысы - 7,
Түркістан облысы - 5.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сенсек, Қазақстанда осы уақытта 22 124 адам короновирус инфекциясынан (19 505 КВИ+ және 2 619 КВИ-) емделіп жатыр.
Олардың арасында 6 731 пациент - стационарда, 15 393 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 307 адамның жағдайы ауыр;
• 76 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 39 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.