20 там, 2020 сағат 10:43

Қазақстан және қазақстандықтар туралы үздік оқиғалар конкурсы жарияланды

«Хабар» агенттігі «Мен Қазақстанды және қазақстандықтарды не үшін жақсы көремін» деп аталатын үздік оқиғалар конкурсын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның айтуынша, байқау барынша пайдалы әрі креативті.

«Ұйымдастырушылар қазақстандықтарға өмірлеріндегі маңызды орындар, оқиғалар, тағдырларына зор ықпал еткен адамдар тарихы жайында әңгілеп беруді ұсынады. Біз қандай қиын әрі қызықты дәуірді бастан кешіріп жатқанымызды ескерсек, көпшілігімізде сағынышпен еске алатын мұндай тарихтың бар екендігіне сенімдімін. Және де олар белгілі бір адам тағдырының өзгеруіне адамдар мен оқиғалардың қатысы жайында ғана еместігі анық», - деп жазды министр Facebook-парақшасында

Оның атап өтуінше, үздік танылған оқиғалар жаңа сериалдың эпизодына негіз болады. Ал 50 автор ақшалай сыйақы алады. 

«Көптеген қазақстандық өз тарихымен бөлісетіндігіне және «Хабар» тек жеңімпаздардың ғана емес, басқа да қатысушылардың да хатын жариялайды деп үміттенемін. Ал біз олардың естеліктерін сүйсіне оқитын боламыз. Барлық қатысушыларға сәттілік пен шабыт тілеймін», - деді Аида Балаева.

Байқауға барлық қазақстандықтар қатыса алады. Қатысушы кіндік Отаны туралы, өзіне ой салатын, шабыт беретін, әсер ететін, қуантатын адам туралы айтып беруі қажет. 

Басты шарт – оқиға шынайы, ал оның қаһарманы көзі тірі қазақстандық болуы керек.

Толығырақ байқау сайтынан танысуға болады.