03 ақп, 2026 сағат 11:09

Қазақстан Ұлттық банкі «Олимпиада ойындары–2026» тақырыбындағы естелік монета шығарады

Фото: Ұлттық банк

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі «Спорт» сериясы аясында «OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» атауымен жаңа коллекциялық монетаның шығарылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Аталған естелік монета қысқы Олимпиада ойындарына арналған.

Номиналы 1000 теңге болатын монета 925 сынамалы күмістен соғылған. Өндіріс барысында түсті басып шығару технологиясы қолданылып, proof сапасында дайындалған. Монетаның салмағы – 20 грамм, диаметрі – 37 мм.

Ұлттық банктің мәліметінше, коллекциялық монетаның жалпы таралымы 2000 данамен шектеледі. Жаңа өнім нумизматтар мен спорт жанкүйерлері үшін ерекше қызығушылық тудыруы мүмкін.