Қазақстан Үкіметі мерекелік күндер тізбесін бекітті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Әділет министрлігі жанындағы Нормативтік-құқықтық актілері ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтына сілтеме жасап.
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев ағымдағы жылдың 31 қазаны күні «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» №689 ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойды.
Осы құжатқа сәйкес 46 мерекелік датадан тұратын тізбе бекітілді.
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы күні - 10 қаңтар;
2. Алғыс айту күні - 1 наурыз;
3. Жерге орналастыру, геодезия және картография күні - наурыздың екінші сенбісі;
4. Геолог күні - сәуірдің бірінші жексенбісі;
5. Ғылым қызметкерлері күні - 12 сәуір;
6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күні - 21 сәуір;
7. Мәдениет және өнер қызметкерлері күні - 21 мамыр;
8. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні - 31 мамыр;
9. Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні - мамырдың соңғы жексенбісі;
10. Қазақстан Республикасы рәміздері күні - 4 маусым;
11. Эколог күні - 5 маусым;
12. Полиция күні - 23 маусым;
13. Мемлекеттік қызметші күні - 23 маусым;
14. Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні - маусымның екінші жексенбісі;
15. Медицина қызметкері күні - маусымның үшінші жексенбісі;
16. Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні - 28 маусым;
17. Дипломатиялық қызмет күні - 2 шілде;
18. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері күні - 13 шілде;
19. Балық шаруашылығы қызметкерлері күні - шілденің екінші жексенбісі;
20. Металлург күні - шілденің үшінші жексенбісі;
21. Сауда қызметкерлері күні - шілденің төртінші жексенбісі;
22. Көлік қызметкерлері күні - тамыздың бірінші жексенбісі;
23. Құрылысшы күні - тамыздың екінші жексенбісі;
24. Шекарашы күні - 18 тамыз;
25. Спорт күні - тамыздың үшінші жексенбісі;
26. Шахтер күні - тамыздың соңғы жексенбісі;
27. Білім күні - 1 қыркүйек;
28. Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні - қыркүйектің бірінші жексенбісі;
29. Отбасы күні - қыркүйектің екінші жексенбісі;
30. Қазақстан халқы тілдерінің күні - қыркүйектің үшінші жексенбісі;
31. Атом саласы қызметкерлерінің күні - 28 қыркүйек;
32. Әділет органдары қызметкерлерінің күні - 30 қыркүйек;
33. Машина құрастырушылар күні - қыркүйектің соңғы жексенбісі;
34. Еңбек күні - қыркүйектің соңғы жексенбісі;
35. Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні - 6 қазан;
36. Ұстаздар күні - қазанның бірінші жексенбісі;
37. Құтқарушы күні - 19 қазан;
38. Орман шаруашылығы қызметкері күні - қазанның үшінші жексенбісі;
39. Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні - қазанның соңғы жексенбісі;
40. Күзет ұйымдары қызметкерлері күні - 29 қазан;
41. Сыртқы барлау күні - 5 қараша;
42. Статистика күні - 8 қараша;
43. Ұлттық валюта күні, Қазақстан Республикасы қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі - 15 қараша;
44. Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні - қарашаның үшінші жексенбісі;
45. Прокуратура күні - 6 желтоқсан;
46. Энергетик күні - желтоқсанның үшінші жексенбісі.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.