18 ақп, 2021 сағат 15:39

Қазақстан Токио Олимпиадасына спорттың 30 түрі бойынша қатысады

Биыл өткізілетін Токио Олимпиадасына ұлттық құрама спорттың 30 түрі бойынша ел намысын қорғайды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мемлекеттің допингке қарсы саясатын жетілдіру ісі назардан тыс қалмавйды. Дүниежүзілік допингке қарсы кодексінің бұзушылықтарын алдын-алу жөніндегі жұмысты әрі жалғастырып, Қазақстанның допингке қарсы зертханасының аккредитациясын қалпына келтіру қажет.

Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарында ұлттық құрама командалардың спортшыларын даярлау бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өткім келеді.

Алдағы Олимпиада ойындарына ұлттық құрама спорттың 30 түрі бойынша қатысады. Бүгінгі таңда спорттың 18 түрінен 43 лицензияны ұлттық құрама спортшылары жеңіп алды», - деді Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова министрліктің алқа мәжілісінде. 

Сонымен қатар министрлік ерекше қажеттілігі бар азаматтарымызды спортта қолдау ісіне маңыз бермек. Осы орайда Бразилияда өтетін жазғы Сурдлимпиадалық ойындарға қатысу үшін еліміздің құрама командаларын қатысуы үшін барлық тиісті шаралар қабылдануы қажет.