26 сәу, 2017 сағат 11:29

Қазақстан тарапы қырғыздарға 100 млн доллар бөлмек

ҚР Парламенті Мәжілісі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы еуразиялық экономикалық интеграция жағжайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша жұмысты бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы келісімнің нормаларына сәйкес, Қазақстан тарапы Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа кіру процесіне жәрдемдесу мақсатында Қырғызстанға 100 миллион АҚШ долларына барабар көмек көрсетеді», - деді депутат Мәулен Әшімбаев Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, бұл көмек Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қосылу жөніндегі «Жол карталарында» көзделген іс-шараларды іске асыруға және ЕАЭО талаптарымен сәйкестендіруге беріледі.