Фото: ашық дереккөз
Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газын шетелге шығаруға салынған тыйымды тағы 6 айға ұзарту туралы бұйрық жобасын жариялады, деп хабарлайды Ult.kz.
Бұл шектеу 2023 жылдың қарашасында енгізілген болатын. Бұған дейін де бірнеше рет ұзартылған тыйым ел ішіндегі газ тапшылығы мен бағаның өсуінің алдын алу мақсатында қабылданған.
Тыйым ішкі нарықты тұрақтандыру үшін қажет, өйткені сұйытылған газ негізінен көлік отыны ретінде пайдаланылады және халық арасында үлкен сұранысқа ие.
Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланып, қоғамдық талқылауға ұсынылды.
Жаңа шектеу күшіне енгеннен кейін 2025 жылдың күзіне дейін жалғасуы мүмкін.