Бүгін, 5 наурызда футболдан 2021 жылғы суперкубокта үшінші орын иегері анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Үшінші орын үшін сайыста Алматының «Қайрат» және Қарағандының «Шахтер» командалары кездесті.
Ойында «Қайрат» негізінен жастарға сенім артса, «Шахтер» тәжірибелі футболшыларын жасыл алаңға шығарды.
Бірінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.
Ойынның 51-минутында қарағандылық Жан-Әли Пайруз мергендік танытып, өз командасын алға шығарды.
Оған «Қайрат» сапынан Денис Поляков 63, Штрели Мамба 87-минутта екі голмен жауап қайырды. Осылайша алматылық ұжым қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.
Естеріңізге сала кетелік, екі команда жартылай финалда қарсыласына есе жіберді.
Алдымен «Шахтер» елордалық «Астанаға» 1:2 есебімен жол берді.
Ал «Қайрат» негізгі кезеңде Қостанайдың «Тобылымен» тең түсіп, пенальтиден есе жіберді.
Енді финалда 6 наурыз күні «Астана» мен «Тобыл» командалары кездеседі.