2019-2020 жылы өтетін шаңғы жарыстары бойынша Қазақстанның жаңа ұлттық құрамасы бекітілді. Командаға 15 спортшы еніп отыр, деп хабарлайды Ұлттық шаңғы жарысы федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жаңа маусымда командадан еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионатының қола жүлдегері Николай Чеботько, спорт шебері Ангелина Шурыга, спорт шебері Марина Матросова, халықаралық санаттағы спорт шебері Елена Коломина, спорт шебері Ирина Быкова мен тағы бір спорт шебері Анжелика Тарасова кетті. Алексей Полторанин Халықаралық шаңғы федерациясының шешімімен жарыстардан уақытша шеттетілді. Әлем чемпионатындағы жарқын өнерінен кейін декреттік демалысқа шыққан Ольга Мандрика керісінше Ұлттық құрамаға қайта келді. Ал қалған қыздар өкінішке қарай өткен маусымда қойылған тапсырмаларды орындай алған жоқ. Сол себепті, шығындарды қысқарту үшін команда құрамындағы спортшылардың санын 15-ке дейін азайту туралы шешім қабылданды», - дейді ҚР Шаңғы жарысы ұлттық федерациясының бас хатшысы Андрей Невзоров.
Осылайша, шаңғы жарысынан Қазақстан ұлттық құрамасына келесі шаңғышылар енді:
1. Олжас Климин (Ақмола облысы)
2. Виталий Пухкало (Қостанай облысы)
3. Денис Волотка (Ақмола облысы)
4. Евгений Величко (Ақмола облысы)
5. Константин Борцов (Ақмола облысы)
6. Наиль Башмаков (Алматы қаласы)
7. Әсет Дүйсенов (Алматы облысы)
8. Иван Люфт (ШҚО)
9. Дәулет Рахымбаев (Алматы қаласы)
10. Валерия Тюленева (Ақмола облысы)
11. Анна Шевченко (Павлодар облысы)
12. Дарья Ряжко (Павлодар облысы)
13. Эльмира Мутагарова (Ақмола облысы)
14. Ольга Мандрика (Ақмола облысы)
15. Ксения Шалыгина (Алматы қаласы).
Ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабында келесі бапкерлер болады:
Бас бапкер - Александр Батяйкин (ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы)
Кеңесші-бапкер - Юрий Каминский (РФ Еңбек сіңірген жаттықтырушысы)
Аға жаттықтырушы - Сергей Тишков (ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы)
Ерлер тобының бапкері - Виктор Васильев (ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы)
Қыздар тобының бапкері - Александр Курсаков (ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы)
Команда бастығы - Александр Ткачук (ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы).
Алғашқы оқу-жаттығу жиынын команда Алматыдағы медициналық тексерістен кейін 14-31 мамыр аралығында Талғардағы «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде өткізеді.