Қазақстан сайлаушыларының 65,9 пайызы дауыс берді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен хабарлады.
«Облыстардың, республикалық маңыз бар қалалардың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2019 жылғы 9 мауcым 16-00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 65,9 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды. Олардың ішінде Ақмола облысы бойынша - 75,1, Ақтөбе облысы бойынша - 79,7, Алматы облысы бойынша - 78,9, Атырау облысы бойынша - 64,9 , Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 69,8, Жамбыл облысы бойынша - 71,8, Батыс Қазақстан облысы бойынша - 59,8 , Қарағанды облысы бойынша - 63,1, Қызылорда облысы бойынша - 64,5, Қостанай облысы бойынша - 69,7, Маңғыстау облысы бойынша - 60,3, Павлодар облысы бойынша - 67,9, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша - 68,3, Түркістан облысы бойынша - 70, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 49,6, Алматы қаласы бойынша - 45,7, Шымкент қаласы бойынша - 55,6 пайыз дауыс берді», - деді Ләззат Сүлеймен.