Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге коронавирустың таралуына байланысты хат жолдады, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасына қауіпті вирусты тоқтату және жою жөніндегі Қытай басшылығының шешімдері мен іс-қимылдарын жоғары бағалай отырып, Қазақстан Үкіметінің Қытайға қажет болған жағдайда жан-жақты гуманитарлық көмек көрсетуге әзір екені туралы шешімін жеткізді.
Сондай-ақ Президент коронавирустың Қазақстан аумағында тарап кетпеуі үшін Үкіметтің қабылданып жатқан іс-шаралар туралы хабарлады.