Фото: Ақорда
Қазақстан Президенті Бакудегі Климат саммитінде қазіргі таңда әлемде өзекті тақырыпқа айналған су ресурстарына қатысты проблемаға тоқталды. Және Ильхам Әлиевтің Каспий маңы мемлекеттерінің сарапшылар тобын құру туралы ұсынысын қолдайтынын айтты, -деп хабарлайды ULT.KZ."Биыл еліміз алапат су тасқынымен бетпе-бет келді. Келешекте осындай төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етіп, одан кейінгі қайта қалпына келтіру жұмыстарын тез атқару үшін қауіп-қатерді басқарудың кешенді жүйесін енгіземіз. Су мәселесіне жаһан назарын аудару мақсатында биыл желтоқсан айында Франциямен бірлесіп One Water саммитін өткіземіз. Форумға қатысушылар су ресурстарын жаһандық деңгейде басқару мәселелерін талқылайды", -дейді Президент.
Одан бөлек мемлекет басшысы “Климаттық қаржыландыру бойынша жаңа ұжымдық мақсат” NCQG аясында табиғат өзгерісіне осал аймақтарға, әсіресе теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдерге айрықша мән берілуі екеніне тоқталды.