18 қаз, 2018 сағат 15:18

Қазақстан Президенті Бельгия Королі Филиппен кездесті

Қазақстан Президенті Бельгия Королі Филиппен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Бельгияның саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Бельгияны әуелден өзара түсіністік пен құрметке негізделген достық қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтті.