04 ақп, 2026 сағат 17:39

Қазақстан Пәкістанға 600 электр автобусын экспорттайды

Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық Falcon EuroBus компаниясы Пәкістанға 600 дана электр автобусын жеткізу туралы келісімге келді. Келісім Исламабадта өткен «Қазақстан–Пәкістан» бизнес форумы аясында жасалды, деп хабарлайды Ult.kz.

Алғашқы автобустар биыл сәуір айында жөнелтіледі. Коммерциялық келісімнің жалпы құны — 108 млн АҚШ доллары. Компания 2027–2028 жылдары Пәкістанға экспорт көлемін 2000 автобусқа дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

2018 жылы Алматыда құрылған Falcon EuroBus бүгінде еуропалық стандартқа сай электр және дизель автобустар шығарады. Кәсіпорын биыл өндіріс қуатын жылына 3000 автобусқа дейін арттыруды көздейді.