29 нау, 2022 сағат 15:28

Қазақстан ОПЕК+ бойынша өз міндеттемелерін өндіруді қысқарту есебінен өтейді


КҚК-дағы қалпына келтіру жұмыстарының жағдайына байланысты ағымдағы жылдың сәуір айының соңына дейінгі жөндеу кезеңінде Қазақстанның жоғалған өндіріс көлемі шамамен тәулігіне 320 мың баррельді (1,3 млн ​​тонна) құрауы мүмкін, деп хабарлайды Энергетика министрлігі.

Бұл қысқарту ОПЕК+ серіктестерімен өзара әрекеттесу аясында өтемақы жоспарының бір бөлігі ретінде қарастырылады. 

Маусым-шілде айларында НСОС объектілерінде күрделі жөндеу жүргізуді ескере отырып, Қазақстан маусым айының соңына қарай ОПЕК+келісімі шеңберінде өндіруді шектеу бойынша өз міндеттемелерін толық өтейді.