09 қаз, 2018 сағат 14:21

Қазақстан Моңғолияға гуманитарлық көмек ретінде 500 мың АҚШ долларын бөлді

Қазақстан Республикасы Моңғолияға гуманитарлық көмек ретінде 500 мың АҚШ долларын бөлді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". ҚР Үкіметінің қаулысы Электронды үкімет порталында жарияланды.

«ҚР Қаржы министрлігі ҚР Сыртқы істер министрлігіне ҚР Үкіметінің төтенше резервінен бюджетте 2018 жылға қарастырылған (Қазақстан және өзге де мемлекеттердің территориясындағы техногенді және табиғи апаттардың салдарын жоюға қойылған) сомадан 500 000 АҚШ долларын Моңғолия мемлекетіне гуманитарлық көмек ретінде бөлу тапсырылады», - делінген ҚР Үкіметінің қаулысында.

Айта кету керек, екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдан бері дамып келеді.

Соңғы жылдары Қазақстан Монғолияға 28 млн АҚШ доллары көлемінде тауар экспорттаған.