05 нау, 2019 сағат 08:35

Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығына арналған ауқымды іс-шара өтті

4 наурыз күні Ресей стратегиялық зерттеулер институтында "Қазақстан: Ресеймен аймақтық ынтымақтастық және байланыстар" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Іс-шараны Ресей стратегиялық зерттеулер институты және Қазақстанның Ресейдегі Елішілігі ұйымдастырды.

Конференцияны аша отыра, Ресей стратегиялық зерттеулер институтының директоры Михаил Фрадков екі елдің талдау орталықтары – Ресей стратегиялық зерттеулер институты мен Қазақстан Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты арасындағы өзара әрекеттестіктің одан әрі дамуының маңыздылығы Ресей мен Қазақстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық өрісінің кеңеюі үшін жаңа мүмкіндіктер туғызатынын атап өтті. 

Өз сөзінде Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Иманғали Тасмағамбетов тұрақты сыртқы саяси конъюнктураға және әлемдік экономикадағы дағдарыстық құбылыстарға қарамастан, Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары тұрақтылық пен серпінділігін көрсетіп отырғанын айтты. Сонымен бірге, Елші достық пен тату көршілік дәстүрі, егемендікті өзара құрметтеу, шекараның мызғымастығы – елдеріміз қатынастарының баянды қағидасы екеніне ерекше көңіл аударды. Бұл ретте екіжақты және халықаралық күн тәртібінің мәселелері бойынша әрдайым "ұстанымдарды салыстыратын" мемлекет басшылары арасындағы сенімді жеке байланыстар жетекші орынға ие.

Қазақстан-Ресей стратегиялық әріптестігі ауқымды экономикалық базаға негізделеді. Қазақстанның сауда әріптестері қатарында Ресей бірінші орын алады. Екі ел арасындағы тауар айналымы былтырғы жылы 17,6 млрд. долларды құрады.

Баяндамалармен РФ СІМ ТМД елдері үшінші департаментінің директоры Александр Стерник, Таяу шетел елдерін зерттеу орталығының басшысы Вячеслав Холодков, ТМД елдері институты директорының орынбасары Владимир Евсеев, ТМД елдері институты Орталық Азия және Қазақстан бөлімінің жетекшісі Андрей Грозин, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты бас ғылыми қызметкері Юрий Булуктаев, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты бас ғылыми қызметкері Леся Каратаева және ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты бас ғылыми қызметкері Ирина Черных, ММХҚИ Халықаралық зерттеулер институты Орталық Азия және Ауғанстан проблемаларын зерттеу орталығының директоры Андрей Казанцев, ТМД елдері институты Экономика бөлімінің жетекшісі Аза Мигранян, РФ СІМ Дипломатиялық академиясы Саясаттану және саяси философия кафедрасының жетекшісі Сергей Жильцов, РҒА Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институты Посткеңестік зерттеулер орталығының сектор меңгерушісі Елена Кузьмина, халықаралық істер жөніндегі ресейлік кеңестің сарапшысы Никита Мендкович, РҒА Шығыстану институты Орталық Азия және Кавказды зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Александр Воробьев және Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті посткеңестік шетел елдері кафедрасы жетекшісінің орынбасары Александр Гущин сөз сөйледі.