14 қыр, 2019 сағат 09:00

Қазақстан мен Ресей Сыртқы істер министрлері не жайында сөйлесті?

ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов пен РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров телефонмен сөйлесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР СІМ-нің Telegram-дағы ақпаратына қарағанда, екі елдің сыртқы саясат ведомстволарының басшылары осы жылдың 7 қарашасында Омбы қаласында өтетін XVI Өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелерін пысықтап, қазанның 10-11 күндері Ашхабадта өтетін ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесі мен Мемлекет басшылары кеңесіндегі ұстанымдарын нақтылаған. Қазақстандық-ресейлік қарым-қатынастың өзекті мәселеріне қатысты пікір алмасқан.

«Б.Атамқұлов С.Лавровты Нұр-Сұлтанға сапармен келуге шақырды. Шақыру қабыл алынды. Күні қосымша келісілетін болады», - деп атап өтеді ведомстводан.