20 қаз, 2024 сағат 12:38

Қазақстан мен Ресей киберқылмыспен бірлесіп күресетін болады

Фото: ҚР ІІМ

Бұл туралы екі ведомство басшылары Мәскеудегі кездесуде келісті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрлерінің қатысуымен өткен отырысқа сондай-ақ ТМД елдері аумағында ұйымдасқан қылмыс және басқа да қауіпті қылмыс түрлерімен күресті үйлестіру бюросының өкілдері қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша Ержан Саденов пен Владимир Колокольцев Қазақстан мен Ресейдің интернет-алаяқтықпен күресте ынтымақтасуы туралы бірлескен шешімге қол қойып, болашаққа арналған жоспарларды белгіледі.