Қазақстан мен Ресей тауар айналымы көлемін 20 млрд АҚШ долларына жеткізу көрсеткішіне жақындады. Бұл туралы Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастығының XV форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Биылдың 8 айында тауар айналымы 11 млрд АҚШ долларынан асты, ал соңына қарай оның деңгейі 18 млрд долларға жетеді деп күтілуде. Осы орайда 20 млрд долларға жеткізу мақсатын еңсеріп қалдық. Өзара саудада өңделген тауарлар үлесі артып келе жатқаны қуантады, бұл тұрғыдағы көрсеткіш 82 пайызға жетті. Ресей Қазақстан экспорты үшін ірі нарық болып отыр», - деді Елбасы.
Ресейлік капиталдың қатысуымен Қазақстанда 9 мыңнан астам кәсіпорын өзінің қызметін табысты түрде жүзеге асыруда. Олар экономиканың барлық саласына үлес қосуда.
«Бүгінде 10 млрд АҚШ долларына біз 60-тан астам инвестициялық ірі жобаны жүзеге асырдық. Іске асыру кезеңінде тағы да 57 жоба тұр, олардың құны 6 млрд долларға бағаланды», - деді Н. Назарбаев.
Олар мұнай-газ, тау-кен металлургиялық кешенді, агроөнеркәсіптік салада қамтылған.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Президенті Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастығының форумы өзінің тиімділігін дәлелдегенін атап өтті.