23 жел, 2023 сағат 00:29

Қазақстан мен Орталық Азия елдері суды өте көп тұтынады

© Photo: weronica0

Қазақстан Орталық Азия және кейбір ТМД елдері сияқты суды өте көп тұтынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Aquastat мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылы жан басына шаққандағы судың жалпы көлемі 1,31 мың текше метрді құрады. Яғни күніне бір адамға шамамен 3,6 мың литрден келеді, бұл - өте үлкен көлем.

Түрікменстан (бір адамға жылына 4,35 мың текше метр), Өзбекстан (1,76 мың текше метр), Әзербайжан (1,24 мың текше метр), Қырғызстан (1,17 мың текше метр) және Тәжікстан (1,04 мың текше метр).

Суды Арменияда (жан басына шаққанда 954,7 текше метр), Ресейде (444,2 текше метр) және Грузияда (414,6 текше метр) айтарлықтай жоғары деңгейде тұтынады. Украина, Молдова және Беларусьте көрсеткіш төмен болды.

Оның үстіне суды көп тұтынатын елдердің барлығында дерлік су тұтыну жылдық динамика бойынша төмендесе, Қазақстанда 2020 жылы 2019 жылмен салыстырғанда 2,7% өсіпті.

The International Benchmarking Network for Water and Sanitation Utilities мәліметінше, 2021 жылы әлемнің 90 елі арасында Қазақстан сумен қамтамасыз ету бойынша "ең арзан" үштікке енді. Бір текше метр кран суының құны біз үшін бар болғаны 0,14 АҚШ долларын құрады, ал тұтыну айына 15 текше метр шегінде.

"Ең арзан" елдердің қатарында суды көп тұтынушы Тәжікстан (бір текше метр суға 0,1 АҚШ доллары), Өзбекстан (0,15 АҚШ доллары), Әзербайжан (0,41 АҚШ доллары) және Ресей (0,49 АҚШ доллары).

Беларусь пен Украинада су бағасы төмен болғанымен, тұтыну Қазақстан және көршіелдермен салыстырғанда бірнеше есе төмен.

Салыстыру үшін: Данияда судың құны Қазақстанға қарағанда 25 есе қымбат, ал тұтыну бізде 8 есе жоғары. Швецияда тариф 22 есе жоғары, ал тұтыну бізде 5 есе жоғары.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 1 текше метр су биыл қарашада республика бойынша орташа есеппен 74,21 теңгені құрады. Яғни, ағын судың 1 литрі 74 тиын тұрады. Айтпақшы, әлемнің көптеген елінен айырмашылығы, Қазақстанда ағын суды ішуге болады — ол ішуге жарамды.

Қазақстанда, сондай-ақ Орталық Азия мен жалпы ТМД елдерінде бөтелкедегі су құбырдағы ауыз судан бірнеше есе қымбат болса да, жалпы арзан. Мысалы, мейрамханаларда көлемі 0,33 литр судың бір бөтелкесі, Numbeo мәліметінше, ҚР-да орта есеппен 0,48 АҚШ доллары тұрады. Салыстыру үшін: Швейцарияда 9 есе, Данияда 6 есе, Швецияда 4 есе қымбат.

Су жер бетінің шамамен 70%-ын алып жатқанына қарамастан, ауыз су соншалықты көп емес, тек 3%.

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, миллиардтан астам адамның суға қолы жетпей отыр, ал тағы 2,7 млрд адам жылдың кемінде бір айында су тапшылығын сезінеді.

2030 жылға қарай әлемде су тапшылығы 40%-ға жетуі мүмкін. Бұл Қазақстанға да әсер етеді: 2030 жылға қарай Қазақстанда су тапшылығы 15%-ға жетуі мүмкін.

Су – шектеулі табиғи ресурс, сондықтан болашақ ұрпақ үшін оны ұқыпты тұтынуды үйрену өте маңызды.