02 ақп, 2026 сағат 13:00

Қазақстан мен Кипр арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

Фото: ашық дереккөз

«Air Astana» әуекомпаниясы Кипр Республикасының Ларнака қаласына тұрақты рейстерге билеттер сатылымын ашты, деп хабарлайды Ult.kz.

Маусым айынан қыркүйекке дейін әуетасымалдаушы Астана және Алматы қалаларынан Ларнака бағыты бойынша тұрақты рейстер орындайды.

Астанадан ұшулар 2 маусым мен 5 қыркүйек аралығында сейсенбі және сенбі күндері жүзеге асырылады. Ұшу уақыты – 5 сағат 40 минут, кері бағытта – 5 сағат 5 минут.

Алматы қаласынан рейстер 4 маусым мен 6 қыркүйек аралығында бейсенбі және жексенбі күндеріне жоспарланған. Ұшу ұзақтығы – 6 сағат 5 минут, кері бағытта – 5 сағат 30 минут.

Барлық рейстер заманауи Airbus A321LR үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады.