2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы тауар айналымы 6 миллиард доллар болды, бұл 70,9 пайыз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
QazTrade АҚ мәліметінше, өткен жылдың сәйкес кезеңінде өзара сауда көлемі тек 3,5 миллиард доллар болған.
2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстаннан ЕО елдеріне экспорт 84,4 пайызға өсіп, 5,2 миллиард доллар болды.
ЕО елдерінен Қазақстанға импорт 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында 14 пайызға өсіп, 767,5 миллион доллар болды.
ЕО елдеріне экспорттың өсуі төмендегі жеткізілімдердің артуымен байланысты:
- шикі мұнай 81,2 пайызға 4,6 миллиард долларға дейін;
- ферроқорытпалар 2,5 есе 96,3 миллион долларға дейін;
- өңделмеген алюминий 2,5 есе 58 миллион долларға дейін;
- бидай 13,2 есе 31,7 миллион долларға дейін;
- мұнай өнімдері 40,4 пайызға 94,6 миллион долларға дейін;
- табиғи газ 4,3 есе 35,5 миллион долларға дейін.
ЕО елдерінен Қазақстанға импортталатын негізгі тауарлар мыналар:
- бөлшек сауда үшін өлшеніп салынған дәрілік заттар;
- вакциналар, қан сарысуы, қан;
- турбореактивті және турбовинттік қозғалтқыштар, газ турбиналары;
- ауа немесе вакуумдық сорғылар, компрессорлар мен желдеткіштер;
- есептеу машиналары;
- құбырларға арналған арматура;
- телефон аппараттары;
- қара металдардан жасалған бұйымдар.
678 рет оқылды