11 ақп, 2021 сағат 10:33

Қазақстан мен Дүниежүзілік банктің өзара әрекеттестік мәселелері талқыланды

ҚР Сыртқы істер министрлігінде Дүниежүзілік банкпен өзара әрекеттестіктің мәселелері талқыланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Өңірлік директор Лилия Бурунчук пен Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы Тұрақты өкілі Жан-Франсуа Мартоны қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Дүниежүзілік банк тобы арасындағы ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары талқыланып, сондай-ақ қазақстандық экономиканың басым секторларындағы жобаларды іске асыруға бағытталған «реформалар матрицасын» әзірлеуді аяқтау мәселелері қарастырылды.

 

Министр сұхбаттасушыларды коронавирус пандемиясының салдарын еңсеру жөніндегі Үкіметтің шараларымен таныстырды. Ол Дүниежүзілік банк басшылығына COVID-19-ға қарсы күресте көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық бағыттар бойынша сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.