11 мам, 2020 сағат 13:30

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау маусым айында өтеді

Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов 3-4 маусым күндері Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау шарасы өтетінін айтты, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

«Мектептерде аттестат табыстау мен соңғы қоңырау шарасы 3-4 маусым күндері ашық аспан астында өтеді. Онда адам саны шектеліп, санитарлық нормалар қатаң сақталуы тиіс», - деді Е.Тоғжанов Үкімет үйінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, 3,3 млн оқушы және колледждер мен ЖОО-лардың 1 млн студенті үшін оқу жылының соңына дейін қашықтан оқыту режимі сақталады.

Ұлттық бірыңғай тестілеу жоспарлы түрде өтеді.