23 нау, 2024 сағат 14:04

Қазақстан Мәскеудегі террористік актіні қатаң айыптайды - Ақорда


Видео кадры. "Осторожно, новости". t.me/ostorozhno_novosti

Қазақстан Мәскеудегі бейбіт азаматтарға қарсы террористік актіні қатаң айыптайды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Ақордаға сілтеме жасап.


"Қазақстан Мәскеудегі бейбіт азаматтарға қарсы террористік актіні қатаң айыптайды", - деп мәлімдеді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.


Мемлекет басшысы терроризмді мүлде ақтауға болмайды деп санайды. Ол БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді жазықсыз азаматтарға қарсы зорлық-зомбылықтың бұл түріне бірауыздан қарсылық танытуға шақырады.


Президенттің тапсырмасы бойынша, қажет болған жағдайда, Қазақстанның құқық қорғау органдары ресейлік әріптестеріне көмек көрсетеді.


Сонымен қатар, Қазақстан Президенті лаңкестік әрекет кезінде азаматтардың қаза табуына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты.