14 мау, 2019 сағат 15:27

Қазақстан Литвамен сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Литва арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы Заңға қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.