24 қаң, 2025 сағат 12:38

Қазақстан қысқы Универсиада ойындарында 14 медаль алып қайтты

Фото: qaz_team_official

Италияның Турин қаласында ұйымдастырылған XXXII Қысқы Универсиада ойындары аяқталды. Қазақстан құрамасы жарыста 14 медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Ult.kz.

Жарыстағы соңғы жүлдені шорт-тректен ерлер құрамасы иеленді. Олар 5000 метрлік эстафетада қола жүлдеге қол жеткізді. 

Универсиада қорытындысы бойынша спортшыларымыз 3 алтын, 4 күміс, 7 қола медаль жеңіп алды. 

  • Алтын. Анастасия Городко (фристайл могул) 
  • Алтын. Анастасия Городко (параллель могул)
  • Алтын. Никита Акимов (биатлон)
  • Күміс. Аяулым Әмренова (параллель могул)
  • Күміс. Антон Бондарев (параллель могул)
  • Күміс. Денис Зинов (парашаңғы, спринт)
  • Күміс. Денис Зинов (парашаңғы, 10 км)
  • Қола. Роман Құрбанов (парашаңғы, спринт)
  • Қола. Роман Құрбанов (парашаңғы, 10 км)
  • Қола. Арина Крюкова (биатлон)
  • Қола. Софья Самоделкина (мәнерлеп сырғанау)
  • Қола. Кирилл Бауэр (биатлон)
  • Қола. Шорт-тректен аралас құрама
  • Қола. Шорт-тректен ерлер құрамасы

Жалпыкомандалық есепте Франция құрамасы бірінші орынды иеленді. Одан кейінгі орындарға Оңтүстік Корея мен Финляндия елдері орналасты. Ал, Қазақстан бұл есепте 12-орында тұрақтаған.