УЕФА Ұлттар Лигасы аясындағы Албания-Қазақстан кездесуінде алаң ортасынан гол соғылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ойынның бірінші бөлігі Албания құрамасының басымдығымен өтті. Алаң қожайындары қатарынан екі гол соғып сенімді ойнайды. Кездесудің 24-минутында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен күтпеген жерден гол соқты. Оның алаң ортасынан бағыттаған соққысы Албания құрамасының қақпасынан табылды.
Осылайша, қазақстандық ойыншы әлем футболында сирек соғылатын голдың авторы атанды.