15 нау, 2024 сағат 11:29

Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Түрікменстанды жеңді


Футболдан Қазақстан құрамасы Түрікменстанға қарсы жолдастық кездесу өткізіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының қарсаңында Түрікменстан құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізді. Араға 30 жыл салып, Қазақстан мен Түрікменстан футболшылары жасыл алаңда қайта кездесіп отыр. 1994 жылы өткен ойында Қазақстан құрамасы тең түссе, бұл ойында футболшыларымыз жеңіске жетті. Ислам Чесноков пен Александр Зуевтің соққан голының арқасында құрамамыз 2:0 есебімен ұтты. 

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Қазақстан мен Түрікменстан екі рет кездесіп, бір рет Қазақстан жеңіске жетсе, бір рет тең түскен.