23 мау, 2022 сағат 19:10

Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде 11 cатыға жоғарылады


Қазақстан құрамасы Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (ФИФА) жариялаған рейтингте он бір сатыға жоғарылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚФФ сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, ұлттық құрама жаңартылған рейтингте 114-орынға жайғасып отыр.

Айта кетейік, Магомед Адиев жаттықтыратын ел футболшылары маусым айында төрт ойын өткізді. Атап айтсақ, Әзербайжан (2:0), Беларусь (1:1) және екі рет Словакиямен (1:0, 2:1) ойнады.

Келесі рейтинг 25 тамыз күні шығады.

ФИФА рейтингі:

1. Бразилия – 1838 ұпай

2. Бельгия – 1822

3. Аргентина – 1771

4. Франция – 1765

5. Англия – 1737

6. Испания – 1717

7. Италия – 1714

8. Нидерланд – 1680

9. Португалия – 1679

10. Дания – 1665

51. Словакия – 1440

96. Беларусь – 1227

113. Сьерра-Леоне – 1168

114. Қазақстан – 1166

115. Гвинея-Бисау – 1165

128. Әзербайжан – 1127

211. Сан-Марино – 764.