Фото: Sports24.kz
Қазақстанның футбол құрамасы Ұлттар Лигасының екінші дивизионындағы топтық кезеңде төртінші рет жеңілді, деп хабарлайды Ult.kz.
Австриямен өткен ойын Алматыдағы Орталық стадионда 2:0 есебімен аяқталды.
Қазақстан құрамасы 15-минутта алғашқы голды жіберіп алды. 23-минутта «Астана» клубының қорғаушысы Александр Марочкин алаңнан қуылып, қызыл карточка алды. Кейін «Фрайбург» командасының шабуылшысы Михаэль Грегорич айып соққысынан екінші голды соқты.
Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы топта төртінші орынды сақтап, Ұлттар Лигасындағы ойындарға қатысу құқығынан айырылды.