#
#
Бейсенбі 13/08/2020

Қазақстан коронавирус жұқтыру бойынша әлемде көш бастап тұр ма?

  • 05.07.2020
  • 0
  • 454

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой The New York Times басылымында жарияланған «соңғы екі аптада Қазақстан коронавирус инфекциясының таралуы бойынша көш басына шықты» деген дерекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Иә, мұндай мониторингті түрлі ұйымдар жүргізеді. Өзім де таныстарымнан Қазақстан қызыл таңбамен белгіленіп, «елімізде өсім жоғары» делінген шамамен 100 сурет алдым. Мұқият оқысаңыздар, ең алдымен ағылшын тілінде жарияланған бұл ақпаратта соңғы 2 аптадағы өсім жайында айтылған. Өздеріңіз білесіздер, біз қазіргі уақытта симптомы бар және симптомсыз науқастарды қосып, бәрін бірге санайтын болдық. Өйткені, симптомсыз екендігіне қарамастан ол пациент вирус таратушы саналады және олар айрықша назар аударуды қажет етеді. Сондықтан аталған әдісті өзгертудің нәтижесінде вирус жұқтырған пациенттердің саны статистикаға салғанда цифрлық тұрғыда өзгеріске ұшырады», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында. 

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта елімізде вирус жұқтырғандар саны күнделікті 1,5 мың жағдайды құрап, тұрақты болып тұр. Яғни, соңғы екі аптаның ішінде елімізде індет жұқтырушылар санының күрт артып кетуі тіркелген жоқ. 

«Бізде мұндай пациенттердің бірқалыпты, біртіндеп анықталуы тіркеліп отыр. Біз симптомы бар және симптомсыз пациенттерді бірге көрсеткеннен кейін алдағы 1-2 аптадан кейін статистикалық деректер түзеледі», - деді Денсаулық сақтау министрі.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар