30 мау, 2021 сағат 09:31

Қазақстан коронавирус бойынша «қызыл» аймақта қалып отыр


Қазақстан өңірлеріндегі коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

2021 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша: 

- «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.

- «сары» аймақта: Шымкент қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Маңғыстау облыстары.

- «жасыл» аймақта: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.