24 ақп, 2022 сағат 12:14

Қазақстан қор биржасы сауданы кейінге қалдырды


Қазақстан қор биржасында (KASE) сауда уақыты тағы да кейінге шегерілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" биржаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Техникалық себептер бойынша KASE қор нарығында сауда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 14.00-ге ауыстырылды. Уақыттың өзгеруі KASE сауда-клиринг жүйесі жұмысындағы техникалық іркіліске байланысты. KASE келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды", - делінген хабарламада.

KASE-тің басқа нарықтарында сауда-саттық штаттық режимде өткізіледі.

Бұған дейін Қазақстан қор биржасы сауданы сағат 12-ге қалдырғаны туралы хабарлаған едік.

Айта кетейік, сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 23 ақпан кешімен салыстырғанда 15,23 теңгеге өскен. Ұлттық банктің 24 ақпандағы ресми бағамы - 1 доллар үшін 437, 22 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 460 теңгеден сатылса, сатып алу – 465 теңге.