26 ақп, 2017 сағат 09:53

Қазақстан хоккейшілері - Азиада чемпионы

Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Саппородағы Азия ойындарында. 22 ақпан 2017 жыл (Сурет авторы - Ізтұрған Алдауев).

Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Жапонияның Саппоро қаласындағы Азия ойындарында алтын алды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Азаттыққа сілтеме жасап.

Қазақстан хоккейшілері Қытайды (8:0), Оңтүстік Кореяны(4:0) және Жапонияны (7:0) жеңді. Күмісті Оңтүстік Корея, қоланы Жапония құрамасы иеленді. Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы 2011 жылы Астана мен Алматыда өткен Азия ойындарында да жеңіске жеткен.

Фристайлдың могул түрінен Қазақстан спортшылары Юлия Галышева әйелдер арасында күміс, Дмитрий Рейхерд ерлер арасындағы жарыста қола алды.

Шаңғыдан 30 километрлік масс-стартта қазақстандық Сергей Черепанов күміс, Николай Чеботько қола медаль иеленді.

Қазақстан қазір 9 алтын, 11 күміс, 12 қоламен жалпы есепте Жапония, Оңтүстік Корея, Қытайдан кейін төртінші орында келеді. Азия ойындары бүгін, 26 ақпанда аяқталады.