16 қаң, 2021 сағат 08:13

Қазақстан халқының 41% ауылда тұрады – статистика

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы демографиялық ахуал туралы мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оған сәйкес, 2020 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша, елімізде халық саны 18 млн 852 мың адамды құрады. Оның ішінде 11 млн 129 мыңы немесе 59,0% - қалада, 7 млн 723 мыңы немесе 41,0% ауылда тұрады. 

Қазақстан тұрғындарының 9 млн 146 мыңы немесе 48,5% – ерлер болса, 9 млн 706 мыңы немесе 51,5% – әйелдер. 

«2019 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда халық саны 241,7 мың адамға немесе 1,3% өсті. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсімі еліміздің 3 өңірінде: Алматы (62,7 мың адам), Нұр-Сұлтан (48,1 мың адам) және Шымкент (36,4 мың адам) қалаларында тіркелді», - делінген ақпаратта.