ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Қазақстан халқына» қорының жұмысына тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бизнестен салықтық адалдық пен әлеуметтік жауапкершілік талап етіледі. Бұл тәсілдің бір көрінісі – «Қазақстан халқына» берілетін қайырымдылық. Мен бұған дейін айтқан болатынмын, бүгін оны қалыптастыру негізінен ірі ұлттық буржуазия есебінен жүруі тиіс екенін тағы да қайталаймын. Дегенмен басқа компаниялардың, соның ішінде шетелдік инвесторлардың жарналары, әрине, құпталады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент бұл қорға ақша аудару мәжбүрлі шара емес екенін еске салды.
«Тағы да атап өткім келетіні – бұл мәжбүрлеу емес. Табысты компаниялар мен азаматтарға жалпыұлттық игі мақсаттарға қаражат бөлу мүмкіндігі», - деді Мемлекет басшысы.