28 ақп, 2022 сағат 19:11

«Қазақстан халқына» қорына келген өтінімнің 70 пайызы ұйымның қызметіне сәйкес келмейді


«Қазақстан халқына» қоғамдық қорына келіп түскен өтінімдердің 70 пайызы ұйымның қызметіне сәйкес келмейді. Бұл туралы аталған қордың төрағасы Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы орайда ол Қор тұрғын үй сатып алумен, азаматтардың несиелерін өтеумен айналыспайтынын атап өтті. 

«Қайырымдылық көмек туралы барлық өтінім қордың электронды порталы арқылы келіп түседі. Бүгінде Қор құрылған сәттен бастап Қазақстанның барлық өңірінен 30 мыңнан астам өтінім келді. Оның 70 пайызы Қордың қызметіне сәйкес келмейді. Олардың көбісі баспана сатып алу мен несиені өтеуге қатысты», - деді Жәмішев Орталық коммуникациялар қызметінде. 

Оның айтуынша, қалған өтінімдер жарғылық міндеттерге сәйкес келеді.