ҚР Үкіметінің Қаулысымен «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастырушылық, қаржылық, материалдық-техникалық жұмысын жүзеге асыратын заңды тұлға ретінде айқындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
* * *
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс істеуін ұйымдастырушылық, қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындау туралы
«Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» 2008 жылғы 20 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс істеуін ұйымдастырушылық, қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға болып айқындалсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин