12 нау, 2021 сағат 10:00

Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар форумын өткізді

Нұр-Сұлтан қаласында еліміздегі әртүрлі этнос өкілдерінің жастар жобасын қолдау мақсатында «Көшбасшы бол!» атты республикалық форум өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған шараға ҚХА орынбасары З.Кузиев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты В.Набиев, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің және ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өкілдері, жастар ұйымдарының белсенділері, халықаралық жаттықтырушылар мен жастар саясаты саласындағы сарапшылар, еріктілер және т.б. қатысты, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Аталған шараға арнайы қатысқан «Қазақстан студенттері альянсы» республикалық студенттер қозғалысының президенті, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ілияс Түстікбаевеліміздегі білім беру саласында болып жатқан жаңа өзгерістерге тоқталып өтті.

«Қазір білім саласында айтарлықтай жаңашылдықтар болып жатыр. Біздің ұйым облыстық, өңірлік жастармен, студенттермен және оқу орындарымен біріге отырып, көп іс атқарды. Бұл жұмыстарға Қазақстан халқы Ассамблеясының және «Жаңғыру жолы» жастар ұйымының мүшелері де өзіндік үлесін қосып келеді. Бүгін өтіп жатқан «Көшбасшы бол!» форумының жастар мен студенттерге берері көп. Студенттеріміз бен жастарымыздың мүдделерін қорғап, соларды толғандыратын мәселелерді шеше алсақ біз нағыз көшбасшымыз деп есептеймін», – деді Ильяс Түстікбаев.

Сонымен қатар, онлайн байланыс арқылы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Закиржан Кузиев «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының құрылғанына үш жыл толуымен құттықтықтаса, Nazarbaev University түлектер қауымдастығының атқарушы директоры Арман Конкобай жастардың пандемия кезінде көрсеткен түрлі бағыттағы көмектері жөнінде презентация жүргізді. Ол онлайн білім алуға байланысты түлектер мен студенттердің атқараған жұмыстарын ерекше атап өтті.

«Өткен жылғы және биылғы оқу жылы барлық білім алушылар үшін де оғай болған жоқ. Қашықтан оқып, онлайн білім алуда білім алушылар да, білім берушілер де белсенді жұмыстар атқарды. Сол үшін де барлығына түсіністікпен қарап, білім саласының бірқалыпты сақтауға қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз. Студенттер онлайн оқып қана қоймай, түрлі жұмыстармен, ғылыммен, ізденумен айналысты. Оның алғашқы нәтижелерін де көріп үлгердік. Алдағы уақытта да біз білім саласының жетістіктерін жасай беретінімізге сенімдімін», - деді Nazarbaev University түлектер қауымдастығының атқарушы директоры Арман Конкобай.

Іс-шара соңында Қостанай облысы ҚХА жанындағы волонтерлер орталығының төрайымы Анастасия Пушкарева «Қоғамдық тәрбие институттарының күшін шоғырландыру» тақырыбында өз пікірін білдірді.

«Еліміздегі пандемия кезінде волонтерлердің де жқмысы қыза түскенін бәріміз көрдік. Осы орай еліміздегі еріктілер белсенді жұмыс істеді. Әсіресе ҚХА жанындағы волонтерлер орталығының жастары аса белсенділік танытты деп ойлаймын. Жасы үлкендерге онлайн қызмет алу, қарттарға көмектесу, оқушыларға онлайн білім беруде көмек беру, дәрі-дәмек тасу сияқты игі істерді атқарды. Қазақстаның белгілі ақыны Мағжан Жұмабаев айтқандай, «мен жастарға сенемін!», - деді ҚХА жанындағы волонтерлер орталығының төрайымы Анастасия Пушкарева.

Сондай-ақ,кездесу барысында жастардың әлеуетін іске асыруға және дамытуға жағдай жасау және оның бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру, жастар көшбасшылары арасындағы мәдениетаралық диалогты қалыптастыру, ҚХА «Жаңғыру жолы» РЖҚ қызметін имидждік ілгерілету туралы ұсыныстар да айтылды. Халықаралық достық мектебінің мүшелері «Мы – россияне» жастар ассамблеясы» жалпыресейлік қоғамдық қозғалысының Омбы аймақтық бөлімшесінің төрағасы Ермек Хапизов пен «Жобалық даму қауымдастығы» өңіраралық автономды коммерциялық ұйымының даму жөніндегі директоры, халықаралық тренер Жанна Ташметова онлайн байланыс арқылы өз пікірлерін білдірді.

Айта кетейік, онлайн және офлайн форматта өткен жиынды ҚХА жанындағы «Жарасым» республикалық жастар ұйымының төрағасы Тимур Жұмырбаев жүргізді.

Естеріңізге салайық, Нұр-Сұлтан қаласында еліміздегі әртүрлі этнос өкілдерінің жастар жобасын қолдау мақсатында «Көшбасшы бол!» атты республикалық форум өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған шараға ҚХА орынбасары З.Кузиев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты В.Набиев, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің және ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өкілдері, жастар ұйымдарының белсенділері, халықаралық жаттықтырушылар мен жастар саясаты саласындағы сарапшылар, еріктілер және т.б. қатысты.