14 жел, 2016 сағат 12:48

Қазақстан-Израиль арасында бірқатар екіжақты құжаттар рәсімделді

- Бүгін Ақордада елімізге алғашқы ресми сапармен келген Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңейтілген құрамдағы келіссөздерінен кейін бірқатар екіжақты құжат рәсімделді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы мен Израиль мемлекетінің Үкіметтері арасында ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов пен Израильдің Қоршаған ортаны қорғау және Иерусалим ісі жөніндегі министрі З.Элькин;

- Қазақстан Республикасы мен Израиль мемлекетінің Үкіметтері арасында биометриялық ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату жөніндегі ниеті туралы бірлескен декларацияға ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов пен Израильдің Қоршаған ортаны қорғау және Иерусалим ісі жөніндегі министрі З.Элькин;

- Қазақстан Республикасы мен Израиль мемлекеті арасындағы әуе қатынастары саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға ҚР Инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбек пен Израильдің Қоршаған ортаны қорғау және Иерусалим ісі жөніндегі министрі З.Элькин;

- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Израильдің Мемлекеттік қызмет комиссиясы арасындағы түсіністік туралы меморандумға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қ.Қожамжаров пен Қазақстандағы Израиль Елшісі М.Бродский;

- «ҚР Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» мен Израиль мемлекетінің технологиялық инновациялар бойынша ұлттық өкілетті органы арасында технологиялық инновациялар, өнеркәсіптік зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге «Бәйтерек» ҰБХ»  басқарма төрағасы Е.Досаев пен Қазақстандағы Израиль Елшісі М.Бродский қол қойды.