01 қаз, 2019 сағат 12:48

Қазақстан Иранмен сауда-экономикалық салада бірлескен жобаларды жүзеге асырады

Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу кезінде сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, ауыл шаруашылығы салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы байланысты одан әрі арттыру, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақпен ортадағы өзара қарым-қатынасты нығайту қажеттігін атап өтті.

Сөз соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Хасан Руханиді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.