Фото: ашық дереккөз
22 шілдеде Германияда өтіп жатқан XXXII Дүниежүзілік жазғы Универсиадада Қазақстан құрамасы алғашқы алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Ult.kz.
Самирхон Абабакиров тхэквондо спорт түрі бойынша 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Финалдық жекпе-жекте ол Түркиядан келген қарсыласын сенімді түрде жеңіп шықты.
Осылайша, жарыстың алғашқы күндерінде Қазақстан құрамасының еншісінде 1 алтын және 6 қола медаль бар. Жарыс әлі де жалғасуда.
