Фото: ҚФФ
Марат Омаров Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті атанды, деп хабарлайды Ult.kz.
Оны бұл қызметке Астана футбол федерациясы ұсынған.
Федерацияның қазіргі басшысы Әділет Барменқұлов 8 қарашада қызметінен кететінін мәлімдеген.
Омаровтың соңғы атқарған қызметі — ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болды.